- Advertisement -

Спорт төрешілері семинарда кездесті

36

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының ұйымдастыруымен төрешілердің семинары өткізілді. Семинарға өңірдегі күштік құрылымдардың қызметкерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаменті, полиция департаменті, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Семинар теория және тәжірибелік бағыт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Барлық құрылымдар өздерінің жекпе-жек сайыс түрлеріне қаншалықты машықтанғандарын көрсетті. Спорт төрешілері де өз тәжірибелерін, шеберліктерін ортаға салды. Түрлі тәсілдерге қалай амал жасау керегін үйретті.
Семинар жұмысын республикалық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті Ринат Абикешов қорытындылап, облыстық жекпе-жек сайысы федерациясы, облыс әкімдігі ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп жүргізіп отырған жекпе-жек сайысты насихаттау жұмыстарына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол іс-шараның өтуіне жағдай жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің басшылығына алғысын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support