Бағалардың әртүрлі болуы тағамның салмағына байланысты

Кері байланыс:
сауал – халықтан, жауап – басшыдан

– ОҚУШЫЛАРҒА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ТЕГІН ТАМАҚ БЕРІЛЕДІ? АҚЫЛЫ МЕН ТЕГІН АС ҚҰРАМЫНДА АЙЫРМАШЫЛЫҚ бар МА? СОНДАЙ-АҚ БІР ТАҒАМ ӘР МЕКТЕПТЕ әртүрлі БАҒАМЕН САТЫЛАДЫ. НЕге?

Дариға ДОСЫМБЕКОВА,
Тараз қаласының тұрғыны.

Жалпы, оқыту қорынан берілетін ыстық тамақ, қыстық киім, мектеп формасы, жазғы сауықтыру сияқты көмек түрлері ҚР Үкіметінің 2008 жылғы Қаулысына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мұндай көмекке ілінбесе де, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан білім алушылар, тәрбиеленушілер мен жетім балаларға беріледі.
Биыл сәуір айынан бастап жалпы оқыту қорынан бір мезгілдік тегін тамақтанумен қамту үшін бір оқушыға бөлінген қаражат 450 теңгені құрайды. Ал ата-ана есебінен тамақ ішетіндердің ыстық тамағының бағасы – 200-250 теңге.
Асханадағы ыстық тамақ пен буфеттік өнімдердің бағасының әртүрлі болуы оның салмағына байланысты шығарылады.

Айгүл БАЙНАЗАРОВА,
Тараз қалалық білім бөлімінің
үздіксіз білім беру секторының меңгерушісі.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/