- Advertisement -

Президент тің Алғыс хаты тапсырылды

60

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Биыл Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңының қабылданғанына 30 жыл толды. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірқатар тіл жанашырларына Алғыс жариялаған болатын. Олардың ішінде бесеуі – біздің облыстың өкілдері. Олар ел Президентінің құрметіне қалай бөленді? Әуелі еңбектеріне тоқталғанымыз жөн болар.
Тіл жанашырының бірі – Батырғали Ақпаев. Ол саналы ғұмырын тіл саласының дамуына арнап, ұзақ жылдар бойы облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақты облыс жұртшылығы тегіс таниды. Ол ғалымдығымен қатар облыс деңгейіндегі барлық қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Бүгінгі таңда облыстың 80 жылдығына орай дайындалып жатқан 80 том кітапты шығару жолында тер төгуде. Аталған университеттің филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева мен осы жоғары оқу орнының аға оқытушысы Балмира Мырзабаева да тіл саясатын ілгерілетуге сүбелі үлес қосуда. Осы екі маман өңір тұрғындарын латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшіру бағытында да өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Гаухар Шерімованың да тіл жанашыры ретінде қомақты үлесі бар.
Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова жоғарыда аталған тіл жанашырларын қабылдап, оларға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын және сыйлықтар табыс етті. Марапаттау сәтінен кейін тіл жанашыры Батырғали Жылқыбекұлы сөз сөйлеп, еліміздің Президентіне, облыс әкіміне шынайы ризашылығын білдірді. Жиынды Сұлушаш Сәтбекқызы қорытындылап, Мемлекет басшысынан Алғыс алған азаматтарды мемлекеттік тілдің ілгерілеуіне үлес қоса беруге шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support