- Advertisement -

Темір жолшылар қолдауы

67

- Advertisement -

Президент Жолдауы — тарихи құжат. Әрі ол еліміздің жаңа Көшбасшысының алғашқы Жолдауы. Сондықтан оны ел халқы асыға күтті, негізгі бағыттарына баса назар аударды.
Жылдың басты құжаты жақында жамбылдық теміржолшылар арасында да насихатталды. «ҚТЖ» Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Жамбыл бөлімшесінің» ұйымдастыруымен өткен басқосуға бөлімше филиалы директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков, Nur Otan партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Оспанов және темір жол ұжымы қатысты.
Жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Үмітбек Есмұратұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталған Жолдауында ең алдымен қоғам мен билік арасындағы байланысқа баса мән беріліп отырғанын айтты. Ол өз баяндамасында тек темір жол саласына ғана тоқталып өтпей, басым бағыттардың барлығын да жіктеп берді. Бөлімшеде Жолдау аясында атқарылып жатқан оңды істерді баяндады.
Келесі кезекте Жанәділ Ағабекұлы Президентіміз сайлауалды бағдарламасында халыққа берген уәдесін Жолдау арқылы жүзеге асыра бастағанын, оның бұл ісіне барша қазақстандықтар болып қолдау білдіруіміздің маңызы зор екендігіне тоқталып өтті. Осы орайда Жолдауды насихаттау жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, халыққа оның бағыттарын дұрыс жеткізе білудің зор мәнге ие екендігін айтты.
Мұнан соң өз пікірін білдірген автоматты басқару жүйесі бөлімінің басшысы Асылхан Тайлақбаев Бас құжатта қарапайым халық үшін аса маңызды жер дауы, зейнетақы төлемі, жастарды тұрғын үймен қамту, педофилизм сияқты мәселелердің қозғалғаны қуантқанын сөз етті.
Жиын соңында зейнетақы саласындағы өзгерістерге, тұрғын үймен қамту мәселесіне орай қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға Үмітбек Есмұратұлы жан-жақты, толыққанды жауап берді.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support