- Advertisement -

ПАРТИЯ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНА МҮДДЕЛІ

47

- Advertisement -

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы. Сондықтан қазір елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешудің жолын іздеген «BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында тұрғындардан ұсыныс-тілектер жиналып, тіркелуде.
Акция шеңберінде өңірімізде 30 мыңнан аса ұсыныс түскен. Қазіргі таңда олардың қалай орындалып жатқанын қадағалау үшін тиісті шаралар қолға алынған. Тұрғындардың барлық тілегі сараланып, тиісті жауапты мекемелерге жіберілді. Оның жүзеге асуы бүгінде Nur Otan партияcының бақылауында.
Түскен ұсыныс-тілектердің бірқатары – баспана, жұмыссыздық, жол жөндеу және ауызсу мен елді мекендерге «көгілдір отын» жеткізу мәселелері. Мәселен, Байзақ ауданының тұрғындары ауылға тартылған газ құбырының үйді-үйге кіргізу құны қолжетімді болса дейді.
Негізі бүгінде Байзақ ауданында 43 елді мекеннің 60 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған. Газ тұрғындарға тұрақты берілуде. Аудандағы газдандырылмаған елді мекендердің сұранысын қанағаттандыру үшін қазіргі таңда 9 ауылға газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – биылғы меже. Ал алдағы екі жылда 21 елді мекенге кезең-кезеңімен «көгілдір отын» жеткізу жоспарланған. Құрылыс жобасының жалпы құны 3,46 миллиард теңге қаражатты құрамақ.
Алайда мұндағы басты мәселе – «көгілдір отын» құбырының тек ауыл іргесіне келіп тоқтауы. Әрі қарай тұрғындар өз қаражатына тартуға мәжбүр. Партия жанынан құрылған комиссия құрамы бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін мердігер компанияға газ құбырын көше-көшемен тартуды міндеттеу немесе байқау жариялағанда осындай нұсқауларды енгізуді ұсынды. Бұл бастама жергілікті атқарушы орган тарапынан ескерілетін болса, «көгілдір отын» есік алдына дейін жеткізілмек.
Сонымен қатар байзақтық тұрғындарды толғандыратын тағы бір мәселе – автожолдардың жөнделуі. Дәл қазіргі кезде ауданды облыс орталығымен байланыстыратын үлкен жолдың бірқатар бөлігі сын көтермей тұрғаны жасырын емес. Өйткені ол – Тараз қаласына тіке апаратын күретамыр. Жүк көліктері де осы жолмен жиі қатынайды.
Партия азаматтар тілегінің орындалуын назарда ұстап отыр. Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-4,4 шақырым аралығын жөндеу жұмыстары күн тәртібінде тұр. Қазіргі уақытта мердігер компания анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. 2,5 миллиард теңге қаражатты құрайтын жоба келесі жылы толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын жөндеу жұмыстары да жіті бақылауда. Жалпы құны 825 миллион теңге қаражатты жобалайтын құрылыс биыл басталып, алдағы жылы аяқталмақ. Аталған автожолдың 7-60 шақырым аралығына орта жөндеу жұмыстары 2020-2022 жылдарға жоспарланған.
Автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі бойынша Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары да «BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында ұсыныс-тілектерін жолдаған болатын. Жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар екі автожолды жөндеу жоспарланып, Қарақау ауылына кіреберіс жол мен «Төреңөзек-Көкарық-Шолаққайыңды» автожолы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ биыл аудан бойынша ұзындығы 22 шақырымнан асатын 23 көше жолдары жөнге келтіріледі. Құрылыс жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланған.
Жалпы акция аясында жинақталған жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін ұсыныс-тілектердің орындалуын партия үнемі бақылауда ұстап, халыққа жан-жақты мәліметті ашық жеткізетін болады. Дегенмен Үкімет тарапынан шешілетін мәселелерге де партияның орталық аппараты арқылы ұсынымдар берілуде.
Елбасы- Партия төрағасы Н.Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен одан туындайтын міндеттерді тиянақты жүзеге асыру үшін партия құрылымдарының күші барынша жұмылдырылмақ. Облыстық филиал да жүйелі жұмыс жүргізуге, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, акция аясындағы ұсыныс-тілектердің, түрлі жұмыстардың тиімді орындалуына мүдделі.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
Nur Otan партиясы
облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support