Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Президент жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты

Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Президент жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтемем жасап.

«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі сәтте оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/