Куәгер: Жүргізуші көз алдымда ұшып кетті (видео)

Шамалған станциясындағы жол апатының куәгерлері жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

Олардың айтуынша, автобус теміржол өткелінде тұрып қалған уақытта, жүргізуші сасқалақтап, алдынғы есікті аша алмаған екен. Жолаушыларды артқы есіктен түсіріп, өзі шығып үлгере алмапты.

«Жүргізушіде ешқандай вариант қалмады. Бұл жерге тек көпір керек. Халықты ойлаған жүргізуші шок болып отырды. Есікті аш деп бәрі айқайлады. Ол кісі аша алмай отырды. Ақыры артқы есікті ашты ғой. Бәріміз түсіп үлгердік. Мен бір кішкентай баланы алып шықтым. Ал ол үлгермей қалды. Бір кезде пойыз автобусты қақты. Көз алдымда жүргізуші ұшып бара жатты», — дейді куәгерлердің бірі.

456 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі бірден көз жұмған. Кәугерлердің айтуынша, әйелі өзімен бірге кондуктор болған екен. Марқұмның артында төрт баласы қалған.

Фото: zhasalash.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/