Республикада бүгінде апатты жағдайдағы 176 мектеп тіркелді

Апатты мектептің басым бөлігі ОҚО мен ШҚО-да. Бұл туралы  білім қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Мектеп инфрақұрылымын дамыту бағытында 2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жобалық қуаттылығы 43 мың орынға арналған 124 жалпы білім беру мектептері іске қосылды. Алайда республикада бүгінде 176 апатты жағдайдағы мектептер бар», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ескі мектептердің көбісі ОҚО-да (48), ШҚО-да (36), Қызылорда облысында (25), Жамбыл облысында (21), Атырау облысында (17) тіркелген. Атап айтқанда, оқушылар орындарының тапшылығы 70 мыңды құрап отыр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/