- Advertisement -

Конституция – ел жаңғыруының негізі

39

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИМЕН әңгіме

– 30 тамыз – еліміздің Конс­ти­ту­ция­сы күні. Бұл күнді арнайы мемлекеттік мереке деп та­нып, ерекше атап өтудің маңы­зы неде?
– Конституция – егемен­ді­гі­мізді әйгілейтін, азаттығы­мыз­ды айқындайтын ма­ңызды құжат әрі татулықты ту еткен ел­дігі­міз­дің алтын қазығы. Ата Заң­­ды құр­­меттеу, бұлжытпай орын­дау – ал­ға қойылған биік мақсат­тарға қол жеткі­зудің алғышарты.
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort
Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республикалық референдумда қа­был­данған қолданыстағы Конституция елі­мізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекі­тудің құқықтық негізін қалады.
«Болмысын құқықпен айшық­таған, өмірін тәртіппен өргізген ел азбайды», деген дана сөз бар. Сондықтан бұл мем­лекеттік мерекені белгілеу – еліміз­дің өркениетті құқықтық жолмен дами­тынының белгісі. Бұл жолды таңдаған да, Ата Заңның мәтінінде қарастырылған мерекені бекіткен де биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы.
– Биыл Қазақстан мемле­кет­тілігінің дамуында жаңа кезең басталды. Бұл үр­дістерде Негізгі Заңның рөлі қан­дай?
– Бұл жыл еліміз үшін тарихи таңбалы оқиғаларымен ерек­шеленді. Салиқалы халқымыздың сабырымен, биліктің сайлану салтымен Қазақстанда жоғарғы биліктің байсалды ауысуы орын алды. Ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл шаралар Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды.
Ұлы халық өзінің алдына ұлы мақ­саттар қояды. Қазіргі таңда қоғамды одан әрі демократиялан­дыру, мемлекеттік басқару жүйе­сінің тиімділігін арттыру, құқық үстемдігін нығайту бойынша ау­қымды жұмыс атқарылып жатыр.
Қоғам мен мемлекеттік ор­ган­дар арасындағы байланыс­ты күшейту үшін Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесі құрылды. Бұл про­цестер елімізде конституцио­на­лизмді дәйекті түрде орнық­тырудың жалғасы және Конс­титуцияның ережелері мен талаптарын орындау болып саналады.
– Құқық үстемдігін ор­нық­тыруда Конституциялық Кеңес маңызды рөл атқарады. Онсыз қазіргі жағдайда конс­титу­циялық заңдылықты қам­та­­ма­­сыз ету мүмкін емес. Бұл мін­дет­­терді орындау мақсатында Ке­ңес қандай шаралар қабыл­дауда?
– Конституциялық Кеңестің қыз­меті елімізде құқықтық мемлекет прин­циптерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатта жүйелі түрде жұмыс жүр­гізіліп келеді.
Конституциялық Кеңес келіп түскен өтініштерді қарай отырып, құқықтық реттеудің ақауларын анықтап қана қоймай, оларды реттеу тәсілдерін ұсынып отырады. Осы уақытқа дейін кеңес өзінің кезекті жолдауында заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін же­тілдіру жөнінде бірталай ұсы­ныстар енгізді.
– Нақты қандай ұсынымдар болды және олар қандай мә­се­лелерге қатысты?
– Айталық, Конституцияға сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңмен ғана шектелуі мүмкін. Дегенмен қол­даныстағы заңнамада азаматтарға жүктелген міндеттемелерді немесе кейбір мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану тетігін заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен реттеу әлі де кездеседі. Бұл жол жүрісі қағидаларына жә­не басқа да құқықтық актілерге қа­тысты. Оларды аталған консти­ту­циялық ережелерге сәйкестігі тұрғысынан мұқият ревизиялау қажет.
Тағы бір мысал. Жеке бас бос­тандығы – адамның маңызды конституциялық құқықтарының бірі. Оны шектеу тек ерекше және Ата Заңда көзделген жағ­дайларда ғана орын алуы тиіс. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Мұндай санкцияны беру тәртібі тек заңда қарастырылуы керек. Сөйтсе де профилактика шарасы ретінде жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді санкциялау тәртібі, санкция беруден бас тарту негіздері заңнамада белгі­лен­беген.
Адамды ел шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезін­де және іс жүргізуде ұстау мер­зімдерін қосымша заңнамалық реттеу қажеттілігі әлі де өз өзек­тілігін жойған жоқ. Бұл жайт еріксіз ұстау мерзімінің бұзы­луына себеп болуы мүмкін.
– Біздің білуімізше, бұған ұқсас мәселелер жеке сот орындаушыларына да қатысты қаралып еді?
– Дұрыс айтасыз. Өткен жылы мұндай кемшіліктер атқа­рушылық іс жүр­гізуде табылған бола­тын. Конститу­циялық Кеңес­тің шеші­міне сәйкес «Ат­қару­шы­лық iс жүргiзу және сот орын­дау­шы­ларының мәртебесi туралы» Заң жаңа 35-1-баппен то­лықтырылды. Атқарушылық іс жүргізуде күштеп әкелуді қол­дану тәртібі реттеліп, мемле­кеттік органдар өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды.
– Конституциялық Кеңес меншік құқығын қорғау мәсе­лелеріне тұ­рақты көңіл бөліп отырады. Бұл жолы да маңызды ұсыныстар айтылған. Олардың мәні неде?
– Меншік құқығымен оған қол сұғылмаушылық кепілдіктері еліміздің экономикасын жаң­ғыр­туда, инвестициялар тартуда және азаматтардың іскерлік бел­сенділігін көтеруде өте маңызды рөл атқарады. Осыны ескере оты­рып, көптеген елдерде мұндай құқықтық қатынастар консти­ту­цияның ережелерімен ретте­леді. Консти­ту­циялық Кеңес­тің бірқатар шешімдері осы жайт­тардың мазмұнын ашуға бағыт­­талған. Оларда меншік қатынас­тары әділдік қағидаттарының негізінде, аза­маттық айналымға бар­­лық қатысу­шы­лардың құқық­тары мен заңды мүдде­лерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етіле оты­рып, реттелуі тиіс, деп атап өтілді.
Алайда қолданыстағы заң­дарда бұл құқықтық ұстаным­дармен үйлеспейтін нормалар әлі де кездеседі. Мысалы, атқа­рушылық iс жүргiзуде өндіріп алу­шы­ның сот орындаушысынан атқарушылық құжатты қайтарып алу құқысы еш шектелмеген. Бұл жағдай кредиторлардың өз құқықтарын теріс пайдалануына, атқарушылық іс жүргізудің со­зылуына және өндіріп алушы мен борышкер мүдделерінің конс­титуциялық тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін.
– Жаңа сайланған Президент құқық қорғау жүйесі және оның ма­ңыз­­ды құрамдас бөлігі болып са­нала­­тын қылмыстық іс жүргізу мә­селе­­леріне арнайы мән беріп отыр? Конс­ти­­т­у­­циялық Кеңестің бұған қосары бар ма?
– Бұл мәселелер үнемі күн тәртібінде болуы тиіс. Кез келген мемлекетте құқық қорғау жүйесі үздіксіз жетілдіріліп отырады. Бізде де осы жылдар бойы барлық күш-жігер бір мақсатқа – адамның конституциялық құқықтарының тиісті іске асырылуы мен қорғалуына кепілдік беруге бағытталды.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жос­парында маңызды міндеттер көз­делген. Қазіргі уақытта жаңа ұсы­­­ныс­тар әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Олар осындай кепілдіктердің деңгейін одан да жоғары көтереді деп ойлаймын.
Сұрағыңыздың екінші бөлі­гіне келсек, Кеңес өз тарапы­нан қылмыстық процесте жәбір­ленушілердің конституциялық құ­қықтарының кепілдіктерін арттыру қажеттігіне назар аударған орынды деп есептейді.
Қылмыстық-процестік заң­намада жекеше айыптау қыл­мыстық істері бойынша жәбір­ленуші адам қайтыс болған жағдайда жақын адамдардың өтініштері бойынша жекеше айыптауды қозғау мүмкіндігін көздейтін нормалар жоқ. Сол себепті де Қылмыстық-процестік кодекске қажетті түзетулер енгізу орынды болар еді.
– Әлеуметтік мемлекет консти­туциялық принципін орнықтыру саласында қандай мәселелер өзекті?
– Конституциялық Кеңес өзінің шешімінде ана мен бал­дырғанның мүд­де­лерін толық­қанды қорғау қажеттігін айтқан болатын. Ке­ңес­тің бұл ұстаны­мын жүзеге асы­ру үшін «Неке (ер­лі-зайып­тылық) және отбасы туралы» Кодек­сіне түзетулер енгі­зілді.
Бірақ онымен тоқтап қалу­ға болмайды. Бастауы Консти­ту­цияның 27-ба­бының 1-тарма­ғынан туындайтын, неке және отбасы, ана, әке және бала инс­ти­туттарына мемлекеттік қам­қорлық жасау­дың институтын үнемі жаңғыртып отыру керек.
Мүгедектерді әлеуметтік қор­ғау сала­сын­дағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру да орынды болар еді.
Бұл процестер үздіксіз болып табылады және ел эконо­микасының өсуіне қарай халықты, әсіресе оның әлеуметтік жағынан осал топтарын мемлекеттік қолдау көлемі де артуы тиіс.
– Соңғы уақытта митингілер мен жиналыстар жиі өткізіле бастады. Олар­дың құқықтық астары қандай?
– Мұндай жария іс-шараларды өткізу мүмкіндігі Конституцияда көзделген (32-бап). Оның нормаларына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жина­лыстар, митингілер мен демонстра­ция­лар, шерулер өткізуге және тос­қауылдарға тұруға құқылы. Со­нымен қатар онда бұл құқық­ты пайдалану мемлекеттік қауіп­сіздік, қоғамдық тәртіп, басқа адамдардың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғау мүддесінде заңмен шектелуі мүмкін деп бел­гі­ленген.
Өздеріңізге мәлім, ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы заңнама жа­ңартылуға тиіс, деп мәлімдеді.
Бұл тұрғыда прогрессивті шетел тәжірибелеріне сүйенуге болады. Осы жылдың маусым ­айында 119-шы жалпы сессиясында Венеция комиссиясы бейбіт жиналыстар бостандығы жөніндегі басшылық қағидаттарын бекітті. Бұл құжатта бейбіт жиналыс­тар бостандығы құқығы әртүрлі көзқарастары мен ұстаным­дары бар азаматтар мен топтар бейбіт түрде өзара іс-қимыл жасай алатын, демо­кратиялық, толерантты және плюра­листік қоғамның негіздерінің бірі болып та­бы­латыны атап көрсетілген. Ол пікір біл­діру еркіндігімен, бірлесу ер­кінді­гімен және мемлекет істерін бас­қа­ру­ға қатысу құқығымен және сайлау құ­қық­тарымен байланысты екені айтылған.
Солай бола тұра, халықаралық стандарттарда да жиналыстар мен митингілер өткізу құқығын шектеу мүмкіндігіне жол беріледі. Мұндай шектеулер заңдарда нақты көрсетілуі және заңды мақсатты, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, басқа азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қор­ғау­ды көздеуі тиіс.
Уәкілетті мемлекеттік орган­дар құ­қықтық тәртіп пен қауіп­­сіздік үшін негізгі жауапкер­шілікті өздеріне қабылдап, жария іс-шараның бейбіт әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауы тиіс.
– «Конституция заңдарда өмір сүреді» деген сөз бар. Ата Заң ереже­лері­нің толыққанды іске асуы заң шы­ға­­ру­шының белсенділігі мен шығар­ма­шы­лық ұстанымына байланыс­ты. Бұл бағытта ұсыныстар болды ма?
– Бұл орынды көзқарас. Конститу­циялық Кеңес заңдар­дың сапасы мә­селесін үнемі көтеріп отырады. Өзі­нің қоры­тынды шешімдерінде заңдар конс­­титуциялық талаптарға сай, әділ болуы, қоғамның сұрау­ларын, халық­аралық стандарттарды ескеруі, ал оларда көзделген құқықтық шектеулер қажеттілік, өлшемділік және тепе-теңдік қағидаттарына сай болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен.
Осы міндеттерді шешу консти­ту­ция­лық құқықты түсіну деңгейімен тығыз байланысты. Конституцияны абстрактілі заң құжаты ретінде тар мағынада қабылдауға болмайды. Пәрменді Конституция – бұл заңдар және құқық қолдану практикасы. Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибеде конституция бұл дамып тұратын құқықтық материя деген ұғым жалпыға та­ныл­ған және ол «әрекет ететін (тірі) конституция» деп аталатын тұжырымдаманың негі­зін құрайды. Оны одан әрі жетіл­діру оған түзетулер енгізу арқылы ғана емес, сондай-ақ конституциялық бақылау орган­дарының шешімдері негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Конституциялық бақылау органдары конституциялық нормада қамтылатын терең құқықтық мағынаны ашып, оның мәтінін нақты әлеуметтік-құқықтық жағ­дайға сәйкес бейімдеуге уәкі­летті. Көптеген заңгерлер құқық әрекетінің әлеуметтік мән-мәтіні тарихи өзгеріске ұшырайтынын мойындайды. Бірнеше жыл бұрын пәрменсіз болып көрінген ұсыныстар жаңа жағдайларда іске асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты Конс­ти­туциялық Кеңес өзіне берілген өкілеттіктерді пайдалана отырып, ұсынылған бастамаларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.
– Сіз конституциялық-құ­қықтық сана-сезімді қалып­тас­тыру жөнінде жиі айтасыз. Бұл неге байланысты?
– Біздің барлық күш-жігеріміз Ата Заңның жоғары заң күшін және тікелей қолданылуын қам­тамасыз етуге бағытталуы тиіс. Алдымызда тұрған басты міндет – Конституция бойын­ша толыққанды өмір сүру. Мемлекеттік органдар және аза­маттар Негізгі Заңға тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде қарауы қажет. Бұл үшін конституциялық дүниетанымды дамытып отыру керек.
Осы мақсатта Конституциялық Кеңес «Рухани жаңғыру» жал­пыұлттық бағдарламасы шең­берінде, өскелең ұрпақ арасында конституциялық құқықтық сананы қалыптастыру және жалпыға бірдей заңға мойынсұнуды тәрбиелеу жөніндегі жұмысты бастап кетті. Жақында алғаш рет «Конституция апталығы» жобасына бастама жасадық, ол 26 тамыздан басталды. Осы жоба бүкіл ел бойынша конференция­лар, дөңгелек үстелдер, тегін заң консультациялар, онлайн-талқылаулар, кәсіпкерлер арасында түсіндірмелер, тікелей эфирлер және конституциялық-құқықтық мәселелер бойынша басқа да іс-шаралар өткізуді көздейді. Республиканың барлық білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын Конституция сабақ­тарынан бастау жоспарланып отыр. Серіктес ретінде Білім және ғылым, Әділет министрліктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы, рес­пуб­ликалық нота­риаттық пала­та, адвокаттар алқасы, жеке сот орындау­шыла­рының республи­калық палатасы және басқа да ұйымдар шақырылды.
Келесі жылы Ата Заңның 25 жылдық мерейтойы атап өті­леді. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер осы тарихи оқиғаға дайындалуы, Ата Заңның арқасында қол жеткі­зілген жетістіктерді, сондай-ақ мем­лекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандық-патриоттың жоғары назарын талап ететін сын-қатерлер мен тәуекелдерді талдауы тиіс.

Әңгімелескен Жолдыбай БАЗАР.

(«Egemen Qazaqstan», 28 тамыз, 2019 жыл).

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support