Ата Заңым – Тәуелсіздік тірегі

Төле, Әйтеке, Қазыбектен кешегі,
Аманаттай аңыз желі еседі.
«Ырыс алды – ынтымақ» деп үшеуі,
Өсиет сөз қалдырыпты деседі.

Тамыр солса, тобылғы да бүр салмас,
Бақшасында мәуесі бар ұғар жас.
Бабалардың арманындай Ата Заң,
Балақтағы битті басқа шығармас.

Алты бақан, ит тартыстан жадасаң,
Безбүйрекке сын семсерін қадасаң.
Бойға қайрат, дауа болар жаныңа,
Еркіндіктің ақ жолысың – Ата Заң!
Желбіресе Тәуелсіз ел байрағы,
Бұзылмаса бірліктің бал қаймағы.
Қырғи қабақ, араздасу жоқ жерде,
Гүлжұмаққа айналады аймағы.

Талаптансаң бақытты өмір сүрмекке,
Онда, қалқам, Ата Заңды құрметте.
Асықпасаң ақ күн туар алдыңнан,
Абыройлы, тура жолдан мүлт кетпе!

Азаттықтың алтын арқау жүрегі,
Ата Заңым – Тәуелсіздік тірегі.
Бағдаршамдай болашаққа жол нұсқап,
Халқымызбен мәңгі өмір сүреді.

Шырын Мамасерікова,
ақын.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/