- Advertisement -

Намысын қайраса, жігерленбейтін жас жоқ

62

- Advertisement -

Биыл Жастар жылы деп жария­ла­нуының өзі – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы да – жас ұрпақ. Сол себепті олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – аса маңызды. Былтыр облыс кітапханаларында 17 коворкинг орталығы осындай мақсатта іске қосылған болатын. Ал биыл бірінші жартыжылдықта тағы біреуі жастардың игілігіне берілді. Бұл бүгінде жастардың жиі бас қосатын орындарына айналып отыр.
Биыл сәуір айында облыс әкімдігінің қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы жас ақын-жазушылар кеңесі» құрылып, арнайы ережесі бекітілді. Кеңес құрамында 18 адам бар. Оларды қолдау мақсатында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жамбылдың жыр қағаны» атты жас ақындардың поэтикалық жыр дуэльдері ұйымдастырылып, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында дәстүрлі түрде кездесулер өткізілуде. Барлығы дерлік жігерлі жастарды қанаттандыру, демеу көрсетуді көздеген іс-шаралар.
Сонымен қатар жастардың спортпен шұғылданып, спорттық жарыстарға қатысуын да назардан тыс қалдырған емеспіз. Биыл Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында жоғары оқу орындары және колледж студенттері арасында спорттың 6 түрі бойынша 2 спартакиада ұйымдастырдық. Оған барлығы 10 командадан 360 жас қатысты.
Ал облыстық орыс драма театры қала мектептерінің театр үйірмелерімен, балалар үйінің жоғары сынып оқушылары арасынан талантты жастарды іріктеп, «Театр плюс молодежь» атты фестиваль жобасын әзірлегенін айта кеткен жөн. Осылайша жас жеткіншектер Я.Пулиновичтің «Учитель химии» жаңа қойылымын, тастанды балалардың тағдырына негізделген К.Касеновтың «Бегущий человек» психологиялық драмасын тамашалауға мүмкіндік алды. Бұдан өзге балалар үйлерінде және мүмкіндігі шектеулі жастарға жылжымалы спектакльдер де көрсетіліп тұрады.
Жастарды облыстан шыққан танымал тұлғалардың өмір жолымен, тарихи-археологиялық орындармен және халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен таныстырудың мәні зор. Бұл бір жағынан патриоттық тәрбиені күшейте түседі. Осыны ескеріп, біз тарихи-танымдық экспедиция өткіздік. Бұл экспедицияға облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан жасақталған 11 командалық топ қатысты. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Гүлзахира МЕДЕРБАЕВА,
облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері
басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support