- Advertisement -

100 мектеп формасы сыйға берілді

33

- Advertisement -

Өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Біз мектепке барамыз» акциясына қолдау көрсетушілер биыл да көп. Көп балалы отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды сабақтан қалдырмау үшін көмек көрсетуді көздеген шара үдеден шығып отыр. Игі бастамаға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитеті де үн қосып отыр. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген бірнеше отбасының балаларына мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар әперді.
– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші», адам баласы бір-біріне көмек şirinevler escort beylikdüzü escort şirinevler escort şirinevler escort beylikdüzü escort esenyurt escort беруге аянып қалмауы керек. Жолдасым екеуміз 6 бала өсіріп отырмыз. Тұрақты жұмысымыз жоқ. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитетінің кеңсесінде мектеп формасы таратылып жатыр дегенді естіп, балаларыма үш мектеп формасын алдым. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз. Енді балаларым да қуанып қалатын болды. Баланың қуанышты жүзін көру – біз үшін бақыт, – дейді Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны Баян Бектұрғанова.
Айта кету керек, акция аясында көп балалы отбасыларға 100 мектеп формасы мен оқу құралдарының жиынтығы табысталды.

Жарылқасын НҰРАЛИЕВ,
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы
облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support