«Мейірім меркіден» мерейім өсті

онда Жиырма шақты ем тегін

Менің жасым бүгінде жетпістен асты. Біздің замандастарды бұл шақта ем-домсыз елестету қиын. Осындай көмекті қажет ететін мен үшін тамыз айының басында қоғамда өзіндік орны бар Гүлдара Нұрымованың қарттарға арнап жариялаған кезекті акциясының сертификатымен «Мейірім Меркі» сауықтыру орталығына барудың сәті түсті. 
Бұл мекеме бұған дейін «Ақниет» шипажайы деген атаумен танымал еді. Қиын-қыстау кезде қаражаттың жетіспеуінен жекеге сатылып, жұмыс оңала қоймай, жабылуға шақ қалған. Осы сәтте оны тендерден ұтып алған Гүлдара Алданышқызы ем түрлерін ұлғайтып, жаңа атаумен қайта ашыпты. 
Жолдама бойынша мұнда жиырмаға жуық ем тегін көрсетіледі екен. Сонымен қатар он шақты емді ақылы түрде алуға болады. Тіпті қайбір сауықтыру орталықтарында кездеспейтін ем түрлерінің шоғырланғаны өзім сықылды қарияларға әмбебап, өте ыңғайлы екен. Айтпағым – мұндай мүмкіндіктен бірі құлағдар болса, көпшілігі білмейді. Сондықтан жанына шипа іздеген жандар осындай мүмкіндіктерден шет қалмай, берілетін  көмектерді барынша пайдалана білсе екен демекпін. 

Айнабек ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ,
зейнеткер.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/