- Advertisement -

Менің әкем Ер Баукеңмен дәмдес-тұздас болған

71

- Advertisement -

Әкем Нарымбек кезінде қызмет бабымен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлымен кездесіп, дәм-тұздас болған екен. Ол 1916 жылы Шымкенттегі орыс-түземдік училищесін бітіріп келіп, еңбек жолын 1918 жылы бастапты. «Братское», «Благовещенское», «Төңкеріс», «Чапаев» колхоздарында бас есепші болып жұмыс істейді.
1942 жылы Чапаев ауылында тұрғанында үй салып, келесі жылы әкесі Елепай атаны өзімен аттас Елепай сайынан көшіріп әкеледі. Сол баспананың сапалы тұрғызылғаны сонша әлі де бар.
Сол жылдары банк қызметкері болып тұрған атақты қолбасшы «Чапаев» колхозына ревизия жүргізеді. Екі күн тексерісте батыр Елепай атамның үйінде болады. Атам ол кезде өз сайындағы екі бөлмелі үйінде тұрыпты. Сонда ер Баукеңді қонақ етіп, мал сойып құрметтейді.
1965 жылы мені медициналық институтқа түсіргенде, Бауыржан ағаның айтқаны жадымда мәңгілік сақталып қалды. «Мен Нарымбек ағаймен дастархандас болдым. Ол кезде 21 жастағы банк қызметкерімін. Сенің әкең Нарымбек аға «Чапаев» колхозында бас есепші болатын. Өте сауатты, орысшаға судай еді» – деп сүйсінгеніне куәмін.
Расымен әкем бабамыз Батырбек датқа тәрізді сегіз қырлы, бір сырлы етін. Темірден түйін түйетін, ән-күйден де хабары бар, терең білімді кісі болатын.

Нұрмұхан ЕЛЕПАЕВ,
зейнеткер.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support