- Advertisement -

Ыдырайтын полиэтилен пакет ойлап тапқан Еркебұлан

134

- Advertisement -

Еркебұлан Жақсылықов – Қызылорда қаласында ғылыммен айналысып жүрген жас ғалым. Еркебұлан 20-30 күннің ішінде ыдырап, экологияға зиян келтірмейтін полиэтилен пакет ойлап тапқан. Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозитті пленкалар антибактериалды қасиетке ие.
«Қызылорда аймағында экология мәселесі бірінші орында екені белгілі. Кез келген жоба жасағанда мен осы жағдайды ескеремін. Туған жерім болғандықтан, туған өлкемнің табиғатына жанашырлықпен қарауға тырысамын. Осындай ойдан туған жемісті жобаларымның бірі – ыдырайтын полиэтилен пакет», – деді ол.
Полиэтилен пакетінің құрамында глауконит дейтін түйіршіктер бар. Қызылорда аймағында глаукониттің мол қоры табылған. Қарапайым тұрмыста қолданылатын полиэтилен пакеттер шірімейді де, аймақтың экологиясының ластануына себепші болады. Бұл – ғаламдық проблема. Ал ол жасаған табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозитті пленкалардың ерекшелігі – 20-30 күннің ішінде топырақта ыдырап, шіріп кетеді. Басқа полиэтилен пакеттер 100 жыл бойы ыдырамайды, ыдыраса да экологияға зиянды заттар бөледі. Ал табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозитті пленкалар шіріген соң топыраққа тыңайтқыш ретінде қолданылады. Мұндай қасиет құрамындағы глауконит түйіршіктеріне байланысты қалыптасады екен. Пакеттер тағам өнеркәсібінде де пайдалануға ыңғайлы. Антибактериялық қасиетке ие пленкалар тағам өнімдерін қаптағанда бактерияларды жоятын қасиетке ие. Аталған жоба әлемдік тәжірибеден өткен, алайда жергілікті жерге байланысты оның құрамы әртүрлі болып келеді дейді.
– Батыс Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттарында осыған ұқсас полимерлер қолданылады. Ресейде бұл енді ғана қолға алынып жатыр. Ал Қазақстанда менің жұмысым – әлі баламасы жоқ жоба. Егер полиэтилен пакеттің глауконитті нұсқасын өнеркәсіпте жүзеге асырып, қолданысқа енгізсек – экономикалық жағынан да мемлекетке ұтымды болар еді. Себебі елімізде глауконит минералының мол қоры болжанған, – дейді жас ғалым baribar.kz тілшісіне.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support