- Advertisement -

Даниярдың қарсыласы анықталды

26

- Advertisement -

Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 13 қыркүйек күні шаршы алаңға оралатынын жанкүйерлер өте жақсы біледі. Олимпиада ойындарының чемпионы бұған дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.
Таяуда ғана Даниярдың қыркүйек айында кімге қарсы шаршы алаңға шығатыны белгілі болды. Нью-Йоркте өтетін бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері 34 жастағы америкалық Решард Хикспен қолғап түйістіреді. АҚШ өрені қазіргі кезге дейін шаршы алаңда 13 кездесу өткізген. Бір қарсыласымен тең түсіп, 12 шайқаста Решардтың мерейі үстем болған.
Соңғы жекпе-жегіне мамыр айында шыққан Данияр араға төрт айға жуық уақыт салып оралғалы отыр. Боксшының командасындағылардың айтуынша Данияр Елеусінов кезекті шайқасын 10 раундтық форматта өткізетін көрінеді. Қазақ оғланының бұл жолғы қарсыласы бұрынғыларға қарағанда қарымдырақ көрінеді. Дегенмен Хикс жартылай орта салмақ дәрежесінің ортаңқол боксшыларының қатарына жататыны анық. Әйтсе де алдағы жекпе-жек Елеусінов үшін елеулі сынаққа айналмақ.
Бұл кездесу Даниярдың АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі. Қазақстандық былғары қолғап шебері алдағы шайқаста жарқын мәнерде жұдырықтасып, жергілікті жанкүйерлердің назарын өзіне аудартса деген тілегіміз бар. Жалпы, Данияр кәсіпқой бокстың жұлдызына айналғысы келсе, Хикс секілді боксшылардан оңай айласын асыруы керек-ақ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support