- Advertisement -

Автомат ты қондырғылар автокөлік ағынын да рет тейді

75

- Advertisement -

Ақылды технологиялар қала көшелеріндегі кептелістерді азайта ала ма? Қоғамдық көлік қозғалысын жылдам әрі тиімді етудің қандай жолдары бар? Бұл мәселелер ешқашан да өзектілігін жойған емес. Сондықтан да жол-көлік саласын цифрландырудың қажеттігі айқын сезіліп отыр. Мұндай жұмыстар облыс орталығы – Тараз қаласында да қарқынды жүргізілуде. Бұған БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз туры барысында да айқын көз жеткізгендей болдық.
Бүгінгі таңда қала көшелеріндегі бағдаршамдар мен жол белгілері қайта жаңғыртудан өткізілуде. Мұндай жұмыстар қаланың барлық көшелерінде дерлік жүзеге асырылып жатыр. Айталық, Абай даңғылы бойындағы қосымша жол белгілері алынып тасталып, жол қозғалысының бағыты 6 жолақты етіліп қайта жасалып жатқанына көз жеткіздік. Мұндай жұмыстар былтыр да жүргізіліп, шаһардағы 98 көше қиылысындағы бағдаршамдар қайта жаңғыртудан өткізілгені, бірқатар жол белгілері ауыстырылғаны белгілі. Бұл іс биыл да жалғасын табуда.
– Тағы бір айта кетерлік жайт, бүгінгі күнге дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың 10 көшесінің қиылысына «ақылды бағдаршамдар»» орнатылып, 99 көше қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналары ауыстырылды. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш таймер және көше атаулары мен бағыттаушы белгілер орнатылған, – дейді Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаһрам Дүйсекова.
Қала көшелерінің негізгі қиылыстарында бағдаршамның жұмыс режімін жақсарту үшін орнатылған автоматты қондырғылар автокөлік ағынын да реттейді. Бұл өз кезегінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен көлік өткізу қабілетін арттыруға да қол жеткізбек.

Диас МАРАТҰЛЫ,
журналист.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support