- Advertisement -

АҚШ Президенті трамптан алғыс алған Жәмила

34

- Advertisement -

Қазір ақпараттық порталдар 12 жастағы қазақстандық оқушы Жәмила Ахметованың АҚШ Президентінен алғыс алғанын жарыса жазып жатыр. Осыдан 6 жыл бұрын 6 жасар Жәмила анасының оқуына байланысты АҚШ-қа кеткен болатын.
Туыстары Жәмиланың көптеген грамоталарының арасынан АҚШ Президенті Дональд Трамптың қолы қойылған Алғыс хатты көріп, қатты таңғалып, бұл жаңалықты әлеуметтік желіге жариялаған. Грамотада ағылшын тілінде «Үздік академиялық үлгерімі үшін» деп жазылған екен.
Жәмила – өте қабілетті қыз. АҚШ-та ол сыныптан сыныпқа жедел көшіп, алтыншы сыныпты GPA 5.00 үлгерімімен аяқтаған. Оның үздік оқушы болғанын растайтын көптеген дипломдары бар. Жалпы АҚШ-та жақсы оқыған оқушыларға ел Президенті өзі Алғыс хат жолдайтын көрінеді. Мұндай үрдіс, әрине, жасөспірімдерді қанаттандыратыны сөзсіз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support