- Advertisement -

Бокс: Жұрт асыға күтетін алдағы ТОП-6 реванш тізімі жарияланды

36

- Advertisement -

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – All of the Belts бокс жайында жазатын танымал Twitter парақшасы жұрт асыға күтетін алдағы жекпе-жектердің үздік бестігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Тізімге реванштармен қатар трилогиялар да кірді. Олардың қатарында, әрине, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі бар. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді, алайда келесі жылдың мамыр айында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, көп күтілетін жекпе-жектердің ТОП-6 төмендегідей: Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо II Сауль Альварес — Флойд Мэйвезер II Энтони Джошуа — Диллиан Уайт II Билли Джо Сондерс — Крис Юбэнк II Лео Санта Крус — Карл Фрэмптон III. Головкин мен «Канелоның» алдағы үшінші жекпе-жегіне Париматч букмекерлік кеңсесінің берген бағалары мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең түсуі – 25. Еске салайық, боксшылардың алғашқы айқасы тараптардың тең түсуімен аяқталған еді, ал екінші кездесуде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңімпаз атанды.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support