- Advertisement -

Инфляцияны бақылауды күшейту қажет – Ұлттық экономика министрі

31

- Advertisement -


Инфляцияны бақылауды күшейту қажет – Ұлттық экономика министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдар қандай мәселелерге назар аудару керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы осы жылдың 7
айының қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштердің оң серпіннің сақталғаны
байқалады. Ағымдағы үрдістерді ескере отырып, үшінші тоқсанда орталық және
жергілікті атқарушы органдарға мынадай аспектілерге баса назар аудару қажет:
негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық
жобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының
маусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту», — деді Руслан
Дәленов Үкімет отырысында.

Айта кетсек, бұдан
бұрын Руслан Дәленов Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсеткенін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, серпін өнеркәсіптегі,
құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен
қамтамасыз етіліп отыр.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support