- Advertisement -

Үздіксіз ізденіс пен еңбек нәтижесіз емес

70

- Advertisement -

Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84-қадамында әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды тапсырған болатын. Жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліп, оларға кедергісіз орта қалыптастыру – біздің міндетіміз.
Тараз қаласындағы жүйке аурулары орталығының қызметкерлері мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Орталықта олардың кәсіптік дағдыларын дамытуға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге және спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме ауласының гүлзармен көмкерілгені ем алушылардың таза ауамен тыныстап, көңіл сергітуіне көп септігін тигізеді.
Мұнда азаматтарға барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған. Қоғамдық еңбекке тартуға психолог, әлеуметтік қызмет көрсету мамандары, мұғалім-дефектолог, еңбек терапия нұсқаушылары, дене шынықтыру, музыка мұғалімдері және мәдени ұйымдастырушы мамандар қызмет етеді. Ал менталды кемшіліктері бар жандарды әлеуметтік бейімдеу үшін орталықта еңбек терапия нұсқаушыларының сабақтарына қатысу тәртібі он позицияға бөлінген. Олар – тоқыма және тігін технологиясы, қолөнер үйірмесі, сәндік қолданбалы өнер, гүл өсіру, табиғи материалдармен жұмыс жасау, ас әзірлеу, изотерапия, шаруашылық, қоғамдық жұмыс және компьютер.
Осындай сабақтарды меңгерген орталық шеберлері өздерінің жасаған туындыларын түрлі көрмелерге қатыстырып, жұртшылыққа таныстыруда да белсенді. Сонымен қатар футбол, волейбол, шағын футбол сынды түрлі спорт секцияларына белсенді қатысып, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.
Бүгінде мұндай орталық қызметкерлеріне қойылар талап та жоғары. Сондықтан да әлеуметтік сала мамандары үдеден шығу үшін үздіксіз ізденеді, тәжірибелерін жетілдіреді. Мұның өзі нәтижесіз емес. Орталық мамандары ем алушылардың бірлесіп еңбек етуіне, олардың жеке тұруына барлық жағдай жасауда. Соның арқасында олар өз бөлмелерін өздері жинап, тамақ әзірлеп, кірлерін жуатын жағдайға жетті. Атап айтсақ, Ирина Шелемина үй гүлдерін өсірумен шұғылданса, Наталья Гончарова тоқыма тоқудың шебері. Константин Панков – етікшілікті, радиотехниканы, мүгедек арбаларын және ұсақ-түйек құрылғыларды жөндеуді меңгерді. Марат Салықбаев, Елікбай Құдайбергенов және Мырзатай Қабылов бақ өсіреді. Сондай-ақ үй жануарларын асырайды. Мекеме ашылғалы бері мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде 37 қызмет алушы отбасына оралды.

Салтанат ЖАНТАЕВА,
облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
№5 орталық директорының орынбасары.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support