- Advertisement -

Адамдардың жүрек қағысы да бір-бірін қайталамайды

94

- Advertisement -

Жалпыға мәлім, адамның саусақ ізі немесе даусы ғана емес, сонымен қатар жүрек қағысы да бір-біріне ұқсамайды екен. Бұл ерекшелік өз кезегінде адамның биометриялық дерекқорын толықтыра алады.
Осы ерекшелік америкалық сарбаздардың идентификациялық құрылғысында пайдаланылмақ. Бұл жайында Task and Purpose ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі арнайы операциялық күштерінің өтінішімен бұл принципті жаудың жүрек қағысын есептеу арқылы, қашықтан олардың комбатанттарын анықтауға арналған инфрақызыл лазерді жасауда пайдаланды. Америкалық әскерилер «Jetson» құрылғысында адамның жүрек қағысынан пайда болатын қозғалысты анықтауға мүмкіндік беретін дірілді жанасусыз өлшейтін лазерлі виброметрия қолданылады. Аталған құрылғы, дәлірегі, лазер адамның сырт киімінен өтіп, 200 метр қашықтан 95 пайыз сәйкестендіру нәтижесін алуға көмектеседі. Бұл қашықтық алдағы уақытта арттырылады.
Адамның бұл ерекшелігінің артықшылығы өзге саусақ ізі немесе даусы секілді бір-бірін қайталамайтын ерекшеліктерге қарағанда байланыссыз-ақ тұлғаның кім екендігін анықтауға көмектесетіндігінде жатыр. Яғни адамның саусақ ізін алу немесе даусын есту мүмкін болмаған жағдайда оның кім екенін анықтау үшін жүрек қағысын «тыңдау» жеткілікті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support