ҚР Президенті Алматы әкіміне инфрақұрылымының сапасын арттыруды тапсырды


ҚР Президенті Алматы әкіміне инфрақұрылымының сапасын арттыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына
Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының
қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет
берілді.

Қазақстан
Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік
жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ
асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін
атап өтті.

Соңында
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық
көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар
нақты тапсырма берді.

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/