- Advertisement -

Нұрлан Нығматулин Абай өлеңдерін оқу эстафетасын өзбекстандық әріптесіне жолдады

50

- Advertisement -


Нұрлан Нығматулин Абай өлеңдерін оқу эстафетасын өзбекстандық әріптесіне жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді қолдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата Спикері эстафетаны халықтың сүйіктісі, бүкіл әлемге қазақ мәдениетін
танытқан, аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегеновадан қабылдады. Нұрлан
Нығматулин Ұлы Абай бүгінде тек қазақ халқымыз ғана емес, бүкіл әлем үшін де
кемеңгер тұлғаға айналғанын айтып, Абай атамыздың өлеңдері, Абайдың «Қара сөздері»
адам баласын ерінбей еңбек етуге, берекелі өмір сүруге, өнерлі, білімді және
қайырымды болуға шақыратынына назар аударды.

«Осы жолда Ұлы ақынның ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері ешқашан ескірмейтін
және таусылмайтын мол қазына. Сонымен бірге, егемен еліміздің
даму жолында рухани тірек болатын алтын мұрамыз. Сондықтан, қанша жылдар, қанша
ғасырлар өтсе де Абай шығармалары әрқашанда маңызды» — деді Мәжіліс төрағасы.

«Нұрлан Нығматулин бүгінде дүниежүзіне таралған Абай эстафетасы жүрегі елім
деп, жерім деп соғатын әрбір азаматқа рух беретін, жігер беретін ерекше бастама
деп есептеймін», — деді.

Палата Спикері Н. Нығматулин Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып, бұл маңызды
шараны одан әрі жалғастыру үшін өзбекстандық әріптесі Өзбекстан Парламентінің
Спикері, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының төрағасы — Нурдинжон
Исмоиловке жолдады. Айта кету керек, акцияның мақсаты —
қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінді оқу.

Айта кетейік, ҚР
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл
алып
, оны Білім және ғылым министрі Асхат
Аймағамбетовке
және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш
Құдайбергенге
жолдаған еді. Кейіннен аталмыш этафетаны, еліміздің өңірлерінің
басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, өнер
адамдары, шетелдіктер де қолдап, Абай өлеңдерін оқып, шығармаларын орындады.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support