- Advertisement -

Теннис: Кукушкин Лос Кабос турнирінің жартылай финалына өте алмады

55

- Advertisement -


Теннис: Кукушкин Лос Кабос турнирінің жартылай финалына өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстандық Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATP турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған М.Кукушкин ширек
финалда әлемнің 27-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты.

Бірінші партияда аргентиналық спортшы айқын басымдылық
көрсетті — 6:1.

Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры ол матчты
жеңіспен түйіндеді — 6:2.

Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бұған дейін қарсыластар өзара үш мәрте кездесіп, соның
екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді. Енді есеп теңесті — 2:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Лос
Кабос,
ал Зарина Диястың Вашингтон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған
болатынбыз.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support