- Advertisement -

Президент, Үкімет және Парламент үйлесімді жұмыс істеуде — Елбасы

42

- Advertisement -


Президент, Үкімет және Парламент үйлесімді жұмыс істеуде - Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл жөнінде Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кездесуде Әсет Исекешев қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қордың атқарушы директоры Елбасыға талантты жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырды.

– Қор бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел үміті» және «Қамқорлық» атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шет елде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл — өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы, қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы Президенттің, Үкімет пен Парламенттің бірлескен жұмысы туралы айтты.

– Президенттік өкілеттігімді тоқтатқалы бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және ел Парламенті үйлесімді әрі бірыңғай жүйеде жұмыс істеуде. Қазір біз саяси және экономикалық салалардағы ортақ мәселелерді шешуді көздеп отырмыз, – деді Елбасы.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support