- Advertisement -

Былтыр жөнделген 500 шақырым жол-көлік қатынасын жақсарт ты

48

- Advertisement -

Кезекті баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков биылғы бірінші жартыжылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, облысымыздың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі 9 690 шақырымды құрайды. Оның 1152-сі – республикалық, 1987-сі – облыстық, 1188 шақырымы аудандық маңызға ие. Ал елді мекендер көшелерінің жалпы ұзындығы – 5363 шақырым.
Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік және солтүстік бөліктерін байланыстыратын республикалық маңызы бар «Алматы-Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке қарай)», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолдарын жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Бұл жобаларды толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.
Баяндамашы өткен жылы өңірімізде 500 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелері жөнделіп, жол қатынасы біршама жақсарғанын сөз етті. Сондай-ақ 2018 жылы жол саласына 12,1 миллиард теңге бөлініп, екі нысанның бірінде 18 шақырымдық жолға шағал төселсе, екіншісінде 26,4 шақырым жол күрделі жөндеуден, ал 158 нысан бойынша 499,4 шақырым автожолдар мен көшелер орташа жөндеуден өткізілген. Жыл қорытындысында жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 78,5-тен 80,1 пайызға жоғарылапты.
–Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден 14,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 8 миллиард теңгесі – республикалық, 6,8 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттер есебінен қаралған. Бөлінген қаржыға жалпы ұзындығы 16,2 шақырымды құрайтын жаңа жол құрылысын жүзеге асыру, 6,2 шақырымын қайта жаңғырту, 30 шақырымын күрделі жөндеуден және 550,1 шақырымға жуығын орта жөндеуден өткізу көзделген. Бүгінде барлық бағытта құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Жол жөндеу жобаларының 46-сы – «Нұрлы жол», ал 51-і Елбасының Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасына сәйкес «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін 80,1-дан 85 пайызға көтеру межеленіп отыр, – деді Б.Жәнібеков өз есебінде.
Жиын соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар қайтарылды.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support