- Advertisement -

Смағұлов, Винокуров, Мәсімов. Елордада өткен Ironman 70.3 жарысына кімдер қатысты 

67

- Advertisement -

Ironman 70.3 Astana триатлон бойынша ең беделді халықаралық жарыстың ашылуында Алтай Көлгінов сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызды сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Сәттілік, жеңіс, денсаулық тілеймін», — деді әкім.
Сонымен қатар, ол қатысушылармен бірге 21 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Айта кетейік, әлемнің 50 елінен 1400 қатысушы сайысқа қатысты. BI Group Ironman 70.3 Astana 2019 жарысының ерекшелігі Prо санатындағы атлеттердің қатысуында. Арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлеттер үшін триатлон тек қана әуесқойлық емес, сондай-ақ кәсібі болып табылады, олар Нұр-Сұлтанға кімнің күштірек екенін анықтау үшін келді. Стартқа шыққан спортшылар арасында Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold, Даниил Сапунов, Алексей Калситратов және т.б. көптеген белгілі спортшылар болды.

Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында қала қонақтарына және споршыларға жәрдемдесетін 700 Qvolunteers еріктісі тартылды. Еріктілер шетелдік қонақтармен өзара әрекеттесудің үлкен тәжірибесіне ие.

BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana триатлон бойынша халықаралық жарыс шеңберінде 12-14 шілдеде үздік әлемдік брендтердің спорттық EXPO жәрмеңкесі жұмыс істейді, мұнда спорттық тауарларды, тамақтануды, жарыстың ресми кәдесыйлық өнімін сатып алуға болады.

Сайысқа қатысушылардың ішінде жасы үлкені Жапониядан келген жүгіруші, жасы 78-де.

Жарысқа қазақстандық кәсіпер Нұрлан Смағұлов та қатысты.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қатысушылармен бірге 21 шақырым жүгіріп өтті.

Суреттер: © Тұрар Қазанғапов, elorda.info.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support