- Advertisement -

Не қымбат, не арзан?

34

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың маусым айында облыс бойынша айналымдағы ақшаның құнсыздану деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 100 пайызды құрады. Яғни бұл аралықта азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,2 пайызға жоғарылағанмен, ақылы қызметтер тарифтері 0,2 пайызға төмендеді. Ал азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өзгеріссіз күйінде қалып отыр.
Бүгінгі күні картоп бағасының – 12, балық және теңіз өнімдері – 2,5, джем, повидло, бал – 2,3, мал мен құс еті – 2,2, шұжық пен ет өнімдері – 2, шай, алкогольдік ішімдіктер – 1,9, алкогольсіз сусындар – 1,8, ұн, жаңа жиналған жемістер – 1,6, жармалар – 1,4, кондитерлік өнімдер – 1,2, макарон өнімдері – 1,1, тоқаш және басқа да ұн өнімдері – 0,9, нан – 0,7, сүт өнімдері, қайта өңделген және консервіленген жемістер – 0,4, май және тоң май – 0,3, басқа санаттарға енгізілмеген тамақ өнімдері 0,1 пайызға жоғарылағаны тіркелді. Жаңа жиналған көкөністер бағасының – 18, жұмыртқа – 5, қант 3,1 пайызға төмендегені байқалуда.
Телефондық және факсимильдік жабдықтар бағасы – 1,3, жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,2, жеке қолданатын өзге де тауарлар мен аспаптар, заттар – 0,9, тұрмыс пен бағбандықта пайдаланылатын құралдар мен саймандар, аяқ киімдер – 0,8, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары – 0,7, киім тігуге арналған маталар, тұрмыстық аспаптар – 0,5, киім – 0,4, зергерлік бұйымдар және сағаттар – 0,2, фармацевтикалық өнімдер 0,1 пайызға өсті.
Бензин бағасы – 1,2, дизель отыны 0,1 пайызға арзандады. Әуе көлігімен жолаушылау – 9, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушыларға темір жол көлігі билетінің бағасы 0,3 пайызға төмендеді, жергілікті жолаушылар темір жол көлігімен қатынау 2,5 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй қызметтері саласында электр энергиясы тарифтері 5,7 пайызға төмендеді. Саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар бағасының деңгейі – 5,1, аяқ-киім жөндеу – 3,9, тұрмыстық құралдарды жөндеу – 3,1, аудиовизуальдық және ақпараттарды өндеуге арналған жабдықтарды жөндеу – 2,6, амбулаториялық қызметтер – 2, ауруханалар қызметі – 1,9, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі – 1,1, демалыс, ойын-сауық және мәдениет салаларындағы қызметтер 0,6 пайызға өсті.
«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support