- Advertisement -

Ғажайып қаламен бірге қанат қағып келемін

40

- Advertisement -

Дидар АПБАСОВ, Тараз мемлекет-тік педаго-гикалық универси-тетінің түлегі, жас айтыскер:

– Мен тәуелсіз еліміздің жүрегі саналатын Нұр-Сұлтан қаласының құрдасы болғанымды мақтан тұтамын. Құрдастарым бүгінгі таңда 21 жасқа толды. Біз Астананың іргесі қаланғанда бесіктегі сәби болсақ, биыл жоғары оқу орнының дипломын алып, жас маман атандық. Төрт жыл бойы сапалы білім алдық. Мұның бәрі егемен еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың, Елбасы халқымен бірге жүріп, жүзеге асырған игі істердің жемісі деп білемін. Жақында жұрт болып жұмылып, сайлауда лайықты тұлғаның Президент болуын қолдап дауыс бердік.
Мамандығым – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Яғни ұстаздық еңбек жолымды бастағалы отырмын. Тәуелсіз еліміздің болашағы саналатын балаларға білім беру, оларды тәрбиелеу – мен үшін бақыт. Ұстаздық жолда тер төге беретін боламыз. Мұғалім болуға мүмкіндік беретін дипломыма қуанып, мамандығымды дұрыс таңдағаныма көзім жетеді.
Жас айтыскер ретінде де біраз нәтижеге қол жеткіздім. Республикалық оқушылар айтысының бас жүлдегерімін. 2014 жылы Астанада тұңғыш өткен республикалық «Ақберен» байқауының аясында айтысқан болатынмын. Арнайы жүлде алдым. Сол жолы Астананың сұлулығына керемет тәнті болып, көзім сүйсінді. Зәулім-зәулім үйлер, еңселі ғимараттар көзді арбап, көңіліңді өсіреді.
Астана – менің жүрегімнің айнасы. Көркем шаһар жайлы жүздеген әндер, жырлар жазылды. Оқып, сүйсіндік. Тыңдадық. Мен де мақаламның соңында:
Тарайды елордадан кіл бастама,
Әсемсің, ұқсамайсың шын басқаға.
Мың жаса халқыңменен өркен жайып,
Сарыарқа төсіндегі құрдас қала,
– деген шумағымды арнағым келеді.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support