- Advertisement -

сақтансаң, сақтайды

32

- Advertisement -

Қазір балалардың жазғы демалысы. Балаға демалыс болғанмен, ата-анаға оның да өз қиындығы бар. Үлкендердің көзінен бір сәт таса болған жасөспірімдердің суға тұншығуы, терезеден құлап кетуі секілді жағымсыз оқиғалар жиілеп барады. Бұл мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мақсат Қосыбаев жан-жақты айтып берді.

Оның айтуынша, жақында ғана Тараз және Қаратау қаласында 1 және 4 жасар баланың терезеден құлап кету оқиғасы орын алған. Олардың қазіргі таңда ауруханада денсаулықтарын жақсарту қадағалануда.Терезеден құлап кету жағдайына 3-7 жас аралығындағы балалар жиі ұшырайтыны анықталған. Мұндай жағдай терезенің жиі ашық қалуынан, балалардың шығып кетуіне (терезе алдына) қолайлы болғандықтан, ата-ананың салғырттығынан орын алып отыр. Мәселе жылдан-жылға өзектілігін жоймай келеді. 2017 жылы – 14, 2018 жылы 7 бала терезеден құлаған. Биылғы жылдың бес айында мұндай 5 оқиға тіркеліпті. Оның біреуі баланың қазасымен аяқталған.
Мұнан соң аталған департаменттің зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев қазіргі таңда күннің ысуына байланысты орман және дала өрттері өршіп тұрғанын, былтыр 27 жану, 39 өрт оқиғасы, биыл 2 орман, 1 дала өрті орын алғанын айтты. Былтыр өрт салдарынан 79 миллион теңге шығын келген. Биыл өрттің алдын алуға облыс бойынша 280 миллион теңге қаржы бөлініп, ол барлық нүктелерге бөлініп беріліпті. Бұл қаржыға қажетті техника, жабдықтар алынуда. Рейдтер жүргізу нәтижесінде өрт қауіптілігін тудыратын 48 кемшілік анықталған. Сондай-ақ Мақсат Әшірбайұлы балалардың суға кету жағдайына да алаңдаушылық білдірді. Осы жаз маусымы басталғалы бері 9 кісі суға кетіп отыр. Олардың 5-еуі бала. Мұндай қайғылы жағдайлар шомылу ережесін сақтамаудан және суда жүзе алмау салдарынан орын алған. Білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде төтенше жағдайлардан қорғану, қауіптің алдын алу жөнінде ашық сабақ, тәрбие, тәжірибе, интерактивті сабақтар өтіп тұрады екен. «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнін мектеп бағдарламасына енгізу жөнінде ұсыныс айтылыпты. Мұның бәрі төтенше жағдайдың алдын алуға жасалған шаралар.
Жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мақсат Қосыбаев пен аталған департаменттің зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support