- Advertisement -

«Тобылдың» қарқыны қатты

30

- Advertisement -

Ал жанкүйерлерді «Тараздың» сылбыр ойыны алаңдатады

Футболдан Қазақстан премьер-лига командалары арасында кезекті тур ойындары өтті. Елордалық «Астана» командасы соңғы сәттердегі жеңілістерінен кейін өз орнын «Тобылға» босатып, екінші орынға сырғыды. Астаналықтар соңғы турда өз алаңында Алматының «Қайратына» 0:2 есебімен жол берсе, осы жеңісінен кейін алматылықтар үшінші орынға көтерілді. Ал Шымкенттің «Ордабасысы» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарына» 1:2 есебімен жол беріп, төртінші орынға төмендеді. Қостанайдың «Тобылы» турнир кестесінде 6-орында келе жатқан «Жетісуды» Талдықорғанда 0:1 есебімен ұтып, топ бастады.
Өзге ойындарға келсек, Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында атыраулық «Атыраудың» қақпасына жауапсыз үш гол соқса, көш соңындағы «Ақтөбе» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіс тойын тойлады. Бұл жеңіс «Ақтөбенің» кестедегі орнын өзгертпегенмен, сенімін ұлғайта түсті.
Жерлесіміз «Тараз» сырт алаңда Қарағандының «Шахтеріне» 1:0 есебімен ұтылып, тағы да ұпайсыз оралды. Биылғы бірінші лигаға түсіп қалмау жағдайы бойынша «Ертіс», «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе» командалары бәсекеге түсетін секілді.
Ал жеңімпаз және жүлдегер командалардың қатарында болуға «Тобыл», «Астана», «Қайрат» командаларының мүмкіндігі бар. Жүлделі орыннан «Ордабасы», «Қайсар» клубтары да үмітін әлі үзе қойған жоқ. Фовариттер арасында да кімнің қандай табысқа жететінін уақыт көрсетеді. Жанкүйерлерді таласқа толы қызықты ойындар күтіп тұр.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support