- Advertisement -

Жастардың қоғамдағы рөлі жылдағыдан да арта түседі

57

- Advertisement -

Оныншы бағыт.

Жас ұрпаққа ерекше қайырылғым келеді.
Сіздердің алдарыңызда Қазақстан дамуында шешуші рөл атқару, прогрестің қозғаушы күші болу міндеті тұр. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі»
арнайы жобасы жұмыс істей бастады.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен)

Қазіргі кезең – жедел өзгерістер дəуірі. Уақыт одан да жүйрік. Адамның ақыл-ойының жүйріктігіне қарай технология да, экономика жəне əлеуметтік тəртіп те ауысып отыратыны белгілі. Бүгінде ортақ құндылықтарға деген көзқарасымыз да, дүниетанымымыз да өзгеше. Айналамыздағы орын алып жатқан оқиғаларды қабылдауымыз да басқаша. Ақпараттар ағынының көптігі және ашық әрі жариялы қоғам азаматтарды өз құқығын қорғауға, өзіне тиесіліні талап етуге итермелеуде. Мұндай жағдайда билік уәде берумен шектелмей, орындауы тиіс. Ал ол уәде қалай орындалады? Әлеуметтік мәселелер шешімін табуы үшін алдымен неге көңіл бөлген дұрыс? Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде осыны айтып, өсу мен өрлеудің он бағытына тоқталды.
Президенттің ең негізгі тапсырмалары – билік адамдардың талап-тілегіне құлақ асуы тиіс, проблемаларды жергілікті жерде шешу керек, азаматтар алдында тұрақты есеп беріп тұру қажет. Бұл талап орындалуы үшін атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар арасында ашық диалог орнатқан жөн. Ал қос тарап үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы – нағыз бейтарап алаң болмақ. Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен келген Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасары Шерзод Пулатов осылай дейді.
Тараз қаласындағы «Достық» үйінде өткен дөңгелек үстелде Шерзод Пулатов Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккендерге көмек шараларын ұйымдастыру туралы айтып өтті. Этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Аналар, ақсақалдар кеңестері, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысқан жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттердің жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасары Президент ұсынған дамудың 10 бағыты туралы айта келіп, Мемлекет басшысының жастарға көп көңіл бөліп отырғанын атап өтті. «Қазіргі әлем назары – Қазақстанда. Көпшілігі жаңа Президенттің ұстанымы Елбасы саясатымен үндес болар ма екен, соны білгісі келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ең бірінші мәселе – сабақтастық екенін баса айтты. Сондай-ақ даму Стратегиясын одан әрі іске асыру, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және бес институттық реформа әрі қарай жүзеге асырылуы тиіс. Өйткені бұл бағдарламалардан күтілетін нәтиже көп. Сонымен қатар бүгінгі күнгі өткір әлеуметтік мәселелерді нақты шешу және әлеуметтік саясатты жаңарту қажет. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестициялар тарту, іскерлік белсенділікті арттыру да аса маңызды. Ал қазақстандық қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау – бұл күн тәртібінен түспейтін мәселе. Мемлекет басшысының ел Президенті ретінде алғашқы атқаратын 10 міндеті – осының бәрінің шешімі болмақ. Бұл тапсырманы іске асыруда негізгі күш жастар блогына түседі. Себебі жастар – болашағымыз. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасынан «Президенттік кадрлық резерв» құруды тапсырып отыр. Ассамблея жастары – «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы көпшілік сенімін ақтап, бұл істе белсенділік танытатынына сенімім мол», – дейді Шерзод Пулатов.
Енді Ассамблеяның атқаратын барлық жобалары мен іс-шараларында жастар барынша қамтылатын болады. Жиында М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Минаков,Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшілері осылай деді.

 

Ардақ ҮСЕЙІНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support