- Advertisement -

Астана күні тойланады: бюджеті үш есеге қысқартылды

198

- Advertisement -

Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы кестеден алынды.

Сурет : Zakon.kz/Максим Золотухин28 Маусым 2019, 15:45

6 шілдеде астананың 21-ші туған күні келе жатыр. Астана күнін тойлату аясында 100-ге жуық шара өтеді, оның 73-і халық үшін тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл тойлату бюджеті үш есеге қысқартылды.

— Жылда 300-ден астам шаралар өтетін. Биыл бюджетті оңтайландыру мақсатында шаралар саны қысқартылды. Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы, басқа да шығыны көп шаралар кестеден алынды, — деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

— Есеп бойынша, бұл 300-400 миллион теңге. Одан аспайды. Бұл өткен жылдардағы шығындарымыздан әлдеқайда аз. Бюджетті үш есеге қысқарттық, – деп қосты ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, Астана күнін тойлатуға тыйым салуға болмайды.

— Тойлауға толық тыйым салуға болмайды. Биыл баяғыдай аста-төк болып өтпейді. Астананың 21 жылдығы биыл. Бұл астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Жаз уақыты. Үш күндік демалыс. Еліміздің барлық өңірлерінен демалуға халық келеді, Нұр-Сұлтанның өзінде 1,1 миллион адам бар, шетелдік туристерді қосыңыз. Жоқ, той болмайды деп тоқтатып тастауға болмайды. Түсінетін шығарсыздар. Бәрімізге демалыс керек, қандай болмасын, — деп тоқтады Ерлан Каналимов.

zakon.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support