- Advertisement -

Арыстықтарға алғашқы көмек

58

- Advertisement -

Жамбыл жерінен жетті

Арыс оқиғасы… Маңыраған мал, қаңыраған үй, қираған қала, жылаған бала…
Аспанды көк түтін басқан, жанарды қайғы-мұң шалған күн. Алланың құдіретін көрсеткен күн, жанның тәттілігін ұқтырған күн. Қара бастың амандығын сұраған күн, тыныштықты тілеген күн. Досқа өкпенің, туысқа реніштің бәрі де далбасалығын сездірген күн, қымбат көлік, зәулім үй, көркем жиһаздың құны көк тиын екенін ескерткен күн. Анаға арқамызды тосқан күн, шүберекке жанымыз түйілген күн. Елдігіміздің сынға түсіп, ірілігімізді паш еткен, еңкейгенге қарасқан, ынтымағымыз жарасқан күн.
Шүкір дейміз! Небір қиын-қыстау кезең мен нәубетті бастарынан өткерген халқымыз бұл ауыртпалықты да ағайын болып бірге көтерісе білді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі барып, зардап шегушілердің жағдайымен танысты. Еліміздің әр түкпірінен көмек қолын созған, жарылыс болған жерге барып, тұрғындардың басы-қасында жүрген қандастарымыздың санында есеп жоқ.
Сауапты істен Жамбыл жұртшылығы да тыс қалған жоқ. Тіпті, облыс басшылығы­ның ұйымдастыруымен арыстықтарға ең алғашқы гуманитарлық көмек Жамбыл жерінен жеткен. «Жасотандықтар» ұйымдастырған қайырымдылық қорға қолдау білдіріп, көмегін берген жамбылдықтарда да шек жоқ. Қайғылы оқиға орын алған күннің түнінен бастап-ақ «Нұр Отан» партиясы ғимаратына қолда бар көмектерін ұсынып келген азаматтарға, ертеңіне таңғы 07.40-тан бастап-ақ азық-түлігін арқалап, киім-кешегін көтеріп, ақшасын аударып жатқан жерлестерімізге қалай риза болмайсың! Тараздың 4 жерінен ашылған қабылдау пункттеріне өзі әкесі мен шешесінің қолына қарап, шалақұрсақ жүрген студент жастарымызға дейін қолдарында барымен бөлісіп жатқанға қалай ішің жылымайды! Тәубе дейміз!
Сол түні Арыстың өзінен түнделетіп облыстық «һибатулла Тарази» мешітіне 21 отбасы жан сауғалап жеткен болатын. Оларды қолтығынан демеп қарсы алдық. Ыстық тамақ, жылы төсекпен қамтамасыз етіліп, дәрігерлердің бақылауында болып, облыс әкімі Асқар Исабекұлының тапсырмасымен жайлы жатақханаларға орналастырылды. 39 баласы бар, барлығы 108 адамның жағдайымен облыс әкімі өзі мешітке барып танысып, ағайындарымызды сабырға шақырып, қолдан келген көмекті аямайтындығын жеткізді:

Сол түні Арыстың өзінен түнделетіп облыстық «һибатулла Тарази» мешітіне 21 отбасы жан сауғалап жеткен болатын. Оларды қолтығынан демеп қарсы алдық. Ыстық тамақ, жылы төсекпен қамтамасыз етіліп, дәрігерлердің бақылауында болып, облыс әкімі Асқар Исабекұлының тапсырмасымен жайлы жатақханаларға орналастырылды. 39 баласы бар, барлығы 108 адамның жағдайымен облыс әкімі өзі мешітке барып танысып, ағайындарымызды сабырға шақырып, қолдан келген көмекті аямайтындығын жеткізді:
– Осындайда бір-бірімізге көмек қолын соза алмасақ, елдігіміз қайда? Біз, бәріміз ағайынбыз. Басқа өңір демей, қандай көмекке мұқтаж екендіктеріңізді ұялмай айта беріңіздер. Біз қолдан келгеннің бәрін ұйымдастырамыз. Барлықтарыңыздың қарындарыңыз тоқ, жатын орындарыңыз жайлы әрі таза, денсаулықтарыңыз бақылауда болады. Туған жерлеріңізге шақыртқанға дейін барлық жағдайларыңызды жасаймыз. Қайтар кездеріңізде өзіміз жеткізіп саламыз. Арыстан келе алмай қалған ағайындарымыз болса, оны да айтыңыздар. Жазғы демалыста лагерьлерде тынығып қайту үшін 100 балаға дейін тегін жолдама алып беру жағын да қарастырамыз. Облыс кәсіпкерлері бар, қарапайым халық бар, гуманитарлық көмекті Арысқа да жіберіп жатырмыз. Алла сіздерге сабыр берсін, бұл ауыртпалықты да бірлікте, ынтымақта әлі-ақ еңсереміз, – деді облыс әкімі.
Ал түнделетіп жеткен арыстық ағайындарымыздың қай-қайсысымен сөйлессек те, құшақ жая қарсы алған Жамбыл жұртшылығына ризашылықтарын білдіріп, күнделікті тұтынатын барлық заттармен қамтамасыз еткендіктерін, тіпті моншаға дейін ұйымдастырып бергенін айтты.
Енді жамбылдықтар жіберген гуманитарлық көмектердің тізіміне көз жүгіртсек. Ең алдымен Тараз қаласынан құны 8 миллион теңгеден асатын 40 тонна азық-түлік, оның ішінде 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр, 1000 дана бөлке нан тиелді. 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтілді. Медициналық қызмет көрсету үшін 4 бригада, 2,2 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жіберілді. Шу мен Тараз қаласының темір жол станцияларында 4 бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл тек бір күнде жөнелтілген көмектің көлемі. Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалдарындағы арнайы пункттерде жиналған көмек материалдары, жалпы 180 тоннадан асатын гуманитарлық көмек жолданады деп жоспарлануда.
Мұнан бөлек, облыс басшысы Асқар Мырзахметов пен оның орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары Арыс тұрғындарына көмек ретінде бір күндік айлық жалақыларын аударды. «Aq jol» газетінің ұжымы да сауапты істен шет қалмай, киім-кешек, гигиеналық заттарды зардап шегушілерге жөнелтті.
Арыстық ағайындарға көмек қолын созу кемінде 3 күн өз жалғасын табатын болады.

Эльвира
ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support