- Advertisement -

Зияткерлік ойындар бойынша сынға түсті

73

- Advertisement -

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Тең мүмкіндіктер спорты» атты интеллектуалдық спорт түрлерінен облыстық спартакиада өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аталған басқарманың ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Назарбек Ізімбетов пен Паралимпиада чемпионы, даңқты спортшы Зүлфия Ғабидуллина қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа елуге жуық үміткер қатысып, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жүлдені сарапқа салды. Шахматтан ерлер арасында Берік Нұрымов чемпион атанды. Шахматтан әйелдер арасында Күлзада Рахманова бірінші, Күлбаран Сәтінбекова екінші орыннан көрінді. Дойбыдан ерлер арасында Нұрлыбек Тәжиев топ жарса, екінші жүлде Тойржан Ханбабаевқа бұйырды. Дойбыдан әйелдер арасында Еңлік Егембаеваға ешкім тең келген жоқ. Гүлнар Орманова екінші, Тұрсынкүл Ділдабекова үшінші орынды иеленді.
Тоғызқұмалақтан ерлер арасында Мұрат Жұмабаев чемпион атанды. Марат Чилекеев пен Саттар Ахтан екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Әйелдер арасында Айнұр Ағабаева жеңімпаз атанды. Ол финалда әйгілі жүзу спортының шебері Зүлфия Ғабидуллинаны ұтты. Зүлфия күміс жүлдені олжаласа, қола жүлделер Наргиза Ахметова мен Балжан Бейсебаеваға бұйырды.

Адина Исатай,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support