- Advertisement -

Апостиль электрондық нысанда да қойылады

39

- Advertisement -

Үшінші бағыт.
Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау.
Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс.
Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде елімізді алға бастайтын маңызды мәселелерді атап өткені мәлім. Мемлекет басшысы онда он межелі міндетті ашып көрсетсе, соның бірі сот жүйесіне қатысты болды.
«Үшінші бағыт. Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау.
Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек.
Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сот жүйесін реформалаудың бір жүйесі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында саланы электронды нұсқаға көшіру болып табылады. Аталған жүйеде апостиль маңызды рөл атқарса, соның өзі де бүгінде сандық нысанға ауысуда.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiгін, сондай-ақ осы құжатты бекiткен мөрдiң түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін елімізде Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті көрсетеді. Қызметтің стандарттары 2019 жылғы 13 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларға сай, электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында аталмыш саладағы уәкілетті органмен бірлесіп, порталда апостиль қоюға өтініш беру сервисін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, өткен айдан бастап Single Sign-On технологиясы арқылы «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту сияқты функциялар іске асты.
Порталда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің көрсетілетіндігі не бас тарту себептері жазылған жауап жолданады. Ал мерзіміне келсек, құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күнін құрайды. Ғаламтордағы жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірсе, Еңбек заңнамасына сәйкес, ол келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) жүргізіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады (сағат 13.00-14.30 – түскі үзіліс). Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібінде де жүзеге асырылады.
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексте әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынатын мемлекеттік баж екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленеді. Дейтұрғанмен портал арқылы жүгінушіге бірқатар құжаттар қажет болады. Ал көрсетілетін қызметтің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» немесе бірыңғай байланыс орталықтарының 1414, 8 800 080 7777 нөмірлері арқылы алуға болады.

Жанерке БАЙТАСОВА,
облыс бойынша Соттар
әкімшісінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support