Жаңабаев Сиднейде жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев пен Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жектерін 14 тамызда Аустралияның астанасы Сидней қаласында өткізеді. Әзірше отандастарымыздың кімдермен жұдырықтасатыны белгісіз.
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы Сиднейде WBO Global, WBC Asіа және WBА Inter-Сontinental титулын, ал Нұрсұлтан Жаңабаев WBА Inter-Сontinental белдігін қорғайды.
Бұған дейінгі соңғы жекпе-жегінде А.Ербосынұлы нами-биялық қарсыласы Лукас Ндаволуманы ұпай санымен ұтса, Н.Жаңабаевпен жұ-
дырықтасқан венесуэлалық боксшы Иван Матуте үшінші раундта кездесуді жалғастырудан бас тартқан болатын.
Тамыздағы жекпе-жектерінде де жерлестеріміз жанкүйерлер үмітін ақтайды деп сенеміз.
Балым Өскенбай,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.
Есет ДОСАЛЫ.
Comments are closed.