- Advertisement -

«Ертіспен» болған ойында есеп ашылмады

34

- Advertisement -

Футболдан Премьер-лига командалары арасында кезекті ХІV тур ойындары өтіп, жерлестеріміз «Тараз» командасы өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Бұл кездесуде 90 минут бойы есеп ашылған жоқ. Екі командада да ұрымтал сәттер болғанымен, нәтиже өзгермей, қос тарап тең ойынды қанағат тұтты. Осы кездесуден кейін де «Тараз» 10-орында қала берді. Жерлестеріміз әзірге «Атырау» мен «Ақтөбеден» ғана озып тұр. Бұлай сылбырлық танытып, ұпайдан айырыла берсе, турнир кестесінде жерлестеріміздің жағдайы қиындай түсетіні белгілі.
Өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен айқын ұтқан елордалық «Астана» командасы көш басында келеді. Бұл турда тең ойындар көп тіркелді. «Шахтер» – «Атырау» командалары арасындағы ойын 1:1 нәтижесімен аяқталса, Талдықорғанда өткен «Жетісу» мен «Оқжетпес» арасындағы кездесуде де есеп ашылған жоқ. Ал жерлесіміз «тараздықтардың» ойынына бір серпіліс керек-ақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support