Жапонияның бұрынғы елшісі: Қазақстандағы сайлауды ерекше қызығушылықпен бақыладық

Жапонияның бұрынғы елшісі: Қазақстандағы сайлауды ерекше қызығушылықпен бақыладық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Жапонияның Қазақстандағы елшісі болған Итиро Кавабата қазақстандықтарды президенттік сайлауды табысты өткізуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәрінен бұрын қазақстандықтарды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Токиодағы қазақстандықтар сайлауды ең бірінші болып бастап, әлем бойынша бірінші дауыс берді», — деді Итиро Кавабата.

Сонымен бірге, ол күншығыс елінің Қазақстандағы сайлауды асқан қызығушылықпен бақылағанын атап өтті.

«Жалпыхалықтық дауыспен сайланған Президенттің Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап, Тұңғыш Президент саясатын сабақтап, мемлекеттің әрі қарай гүлденуіне ықпал етеді деп үміттенемін. Бұл — халықаралық қауымдастық үшін өте маңызды», — деді спикер.

Сонымен бірге, И.Кавабата жаңа Президент тұсында екі елдің тығыз серіктестік қатынастарының жалғасады деп үміттенеді.

«Жапония үшін Қазақстан өте маңызды ел болған және бола да береді. Қазақстан — біздің стратегиялық серіктесіміз. Сондықтан, біздің екіжақты достық қарым-қатынастарымыздың жаңа Президент тұсында жаңа қадамдарға аяқ басарына үміттенемін», — деді дипломат.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

https://4store.com.ua/