- Advertisement -

Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

29

- Advertisement -

Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студент Нұрсұлтан Исмағұловты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпарат және технологиялар факультетінің 2 курс студенті, 21 жасар Нұрсұлтан Исмағұлов Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт кезінде батылдық танытып, үш баланың өмірін сақтап қалған болатын. Оқыс оқиға Бейбітшілік көшесінде болды.

«Өз өмірін тәуекелге тігіп, қиындыққа түскен адамға көмек қолын созуға ұмтылатын жастар мақтауға тұрарлық. Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балалардың қалыптасуы барысында мектеп пен білім ордаларындағы ұстаздардың атқаратын рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз — өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне барынша қолымыздан келгенше әрекет ету. Нұрсұлтан сияқты жастар — біздің заманымыздың нағыз батырлары»,- деп атап өтті, ержүрек студентті марапаттаған Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова.

Сол күні Нұрсұлтан достарымен астаналық саябақтардың бірінде серуендеп жүрген. Адамдардың шулап жатқанын естіп олар оқиға болған жерге достарымен тез жетеді. Тұрғын үйдің екінші қабатынан ер адамның көмекке шақырған дауысын естиді. Нұрсұлтан ешбір кідірместен төменде орналасқан дүкеннің шатыры арқылы үйдің екінші қабатына көтеріліп, үйдің терезесін сындырып, үш баланы өртке оранған пәтерден алып шыққан.

Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қалған тағы бір кішкентай бөбек пен отағасының өмірін арашалап қалды.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support