- Advertisement -

Хакерлер елорданың балабақшаға жолдама беру жүйесіне шабуыл жасады

28

- Advertisement -

Хакерлер елорданың балабақшаға жолдама беру жүйесіне шабуыл жасадыНҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Түннен бастап жүйеге ауқымды хакерлік шабуыл жасалуда. Бір уақытта 500 мыңнан астам пайдаланушы кіруге әрекет жасайды.

Қазіргі уақытта техникалық мамандар шабуылдың шығу себебін анықтауда. Жүйенің жұмысын қалпына келтірерден бұрын алдын ала хабардар ететін боламыз. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», делінген басқарманың Facebook желісіндегі парақшадағы жазбада.

Еске сала кетсек, 22 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы елордада балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылғанын жария еткен болатын.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support