- Advertisement -

Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

29

- Advertisement -

Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат — Қытайда Цзилинь провинциясының солтүстік шығысында болған 2,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан тоғыз кенші қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды. Бұл жайлы дүйсенбі күні «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған. Дегенмен төтенше жағдай кезінде кеніште қанша адам болғаны айтылмай отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Шахтада жұмыс істеп жатқан барлық кеншілер жер бетіне шығарылды.

Билік оқиғаның себебін анықтауға кірісті.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support