- Advertisement -

Ауылдың айтқыштары

34

- Advertisement -

Қошқардың тойы

Белгілі ақын Қасқырбай Нарбатыров бірде бір кісінің баласының тойын басқарады. Баланың аты – Қошқарбай екен. Қасекең мұндайды қалай мүлт жіберсін. Тойды бастар-бастамастан:
– Ал ағайын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман осы. Адам түгіл «аң» мен «мал» да татулығын байқатуда. Қошқардың тойын қасқыр басқарғаны нағыз достықтың белгісі емес пе? – депті.

«Атамыздың асына
барамыз деп…»

Аудандық Мәдениет үйінде Байзақ батырға арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді де, әруаққа Құран бағыштаған дастарқан Тараздағы «Бақ сарайы» мейрамханасында жайылыпты. Ақпан айының саршұнақ аязы. Жер көк тайғақ кез. Конференциядан шыққан лауазымды азаматтар бір-бір көлікке мініп, Таразға тартып тұрыпты. Қасекең де бір ауылдас інісінің машинасына мінеді. Інісі жолдың қауіптілігіне қарамай, құстай ұшса керек. Көліктің доңғалағы екі-үш рет тайып кетеді.
– Інім, жай айдашы, асықпашы, барамыз ғой, – депті Қасекең. Інісі сәл баяулатып, аз уақыт өткен соң қайтадан құйындай ұшады. Көлік тағы екі-үш рет тайғанап, қатерден әзер аман қалады. Сонда шыдамы таусылған Қасекең:
– Айналайын інім, көлікті жай жүргізші, атамыздың асына барамыз деп отырып, қасына барып қалмайық, – деген екен.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support