- Advertisement -

«Соска» мен«сотка»

59

- Advertisement -

Қазіргі сәбилер қиын болды,
Оларда басқаша зейін болды.
Бесікке жатып, бөбек болмай,
Заманауи нәрсеге бейім болды.

Бәрі-бәрі «сотка» сұрайды,
Бермей көрші, бақырып жылайды.
«Соскаменен» алданатын кезінде,
«Соска» емес, оларға «сотка» ұнайды.

«Сотка» берсең, күліп алады,
Тетігін басып ойынға кіріп алады.
Ойын ғана емес, ақырзаман баласы,
Неше түрлі құпияны біліп алады.

* * *
Есептеп мұнай, барельді,
Жағдайыңды жөндей бер.
Мықты болсаң, ал енді,
Балаға «сотка» бермей көр!

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support