Жаңалықтар

«Атама жаныңыз ашымаған екен ғой...»

«Атама жаныңыз ашымаған екен ғой...»

Жиі-жиі бұзықтығымен көзге түскен оқушының әкесі мектепке шақырылады. Баласының бұзықтығына кейіген әкесі ұлына қарап: – Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол, балам! Еркелігің басылмай, бұзықтығыңмен жүйкеге тиген сайын шашым ағарып барады. Әкеңе жаның ашыса, бұдан былай тыныш жүр. Келістік пе?! – дейді. Сонда баласы: – Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, – деген екен.