Шахтадан шыққан улы зат өзенге төгілген
Шахтадан шыққан улы зат өзенге төгілген
Мексиканың солтүстік-батысындағы шахталардың бірінен бөлініп шыққан улы қалдықтар жергілікті өзендердің бірін сарғылт түске бояды. Салдарынан миллионға жуық тұрғынға ауызсу беру тоқтатылып отыр. Елдің ұлттық су комиссиясының мәліметінше, Эрмосильо штатының әкімшілік орталығын кесіп өтетін Сонора өзеніне шамамен 40 мың текше метр сілтілі химикаттар төгілген.Кейбір деректер бойынша, судың ластануы салдарынан балықтар мен үй жануарлары қырылып қалған көрінеді. Ал жергілікті билік өкілдері болса су құрамындағы улы заттың аз екенін және оның адам денсаулығына қауіпсіз екенін айта келе жергілікті тұирғындарды уақытша өзенде шомылмауға шақырды.