Шенеуніктер қызметтік көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды
Шенеуніктер қызметтік көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды
Индонезиялық шенеуніктер қызметтік көліктерді қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды. Ел астанасы Джа-карта қаласының губернаторы Джоко Видодоның (Joko Widodo) бұл қаулысы қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Бұл қаулыда әрбір қызметтік көлікті пайдаланатын шенеунік өзінің көлігін үкіметке кері қайтарып, қоғамдық көліктермен жүретін болса, оған ай сайын стипендия беріліп отырады. Джакарта басшылары қызметтік көлікті пайдаланатын мемлекет қызметкерлерінің санын азайтуға ниетті. Сонымен қатар ол көліктерге кететін қаржыны да қысқарту жоспарлануда. Көлігін кері қайтарған шенеуніктерге ақша лауазымына қарай беріледі. Олар 4,5 миллион индонезиялық рупиден (шамамен 70 мың теңге) 12,5 миллионға (шамамен 200 мың теңге) дейін алады. «Штаттағы қызметкерлер стипендияны өз лауазымына қарай алады», - дейді губернатордың хатшысы.