«Әдеби көшелер» кітап оқуға шақырады
«Әдеби көшелер» кітап оқуға шақырады
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алаңында өткен басқосу облыс орталығындағы көшелерге берілген қазақстандық және жергілікті ақын-жазушылардың есімін анықтауды, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбановтың өмірін, шығармашылық жетістіктерін, жарық көрген еңбектерін насихаттауды мақсат етеді. Сонымен қатар әдебиетді насихаттау арқылы кітап оқуды дамытып, халықты өңірдің жергілікті авторларының туындыларын оқуға шақыруды көздейді. Көпшілік жиынға Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, студенттер, кітапханамен серіктес мектеп оқушылары және жақын орналасқан мекеме қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, Ақтөбе қаласы туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ кітап көрмесімен танысты.