Ресейлік ару «Әлем миссисі-2014» атағын жеңіп алды
Ресейлік ару «Әлем миссисі-2014» атағын жеңіп алды
Петербург қаласының тұрғыны Юлия Ионина Эквадорда аяқталған «Әлем миссисі-2014» байқауының жеңімпазы атанды. «Өте қуаныштымын. Бұл мен үшін, және жалпы Ресей қатысушылары үшін үлкен жетістік», – деді телефон арқылы Ионина.Оның айтуынша, байқау өткен Латын Америкада ресейлік қатысушыға деген қарым-қатынас жақсы болыпты. Басқа қатысушылардың да көзқарасы жаман болмаған. «Әлем миссисі-2014» байқауына, яғни, тұрмыстағы ең әдемі әйел атағына әлемнің түрлі елінен 40 үміткер қатысып, бақ сынаған. Жеңіске жеткен 29 жастағы Юлия Ионина бүгінде үш баланың анасы. Кәсіпкер әйел қайырымдылық қорын басқарады.